5-бөлім. Әнуар Даиров
Бұл эпизодта көшбасшылық туралы бұрын айтылмаған маңызды мәселелерді қозғаймыз.
Көшбасшы болу – қаталдықпен емес, ақылмен және әділдікпен өлшенуі тиіс. Бұл алдымен жүйе қалыптастыру, командамен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату және ең алдымен өзіңмен үйлесімде болуды білдіреді.

Қонақ: Әнуар Даиров — TAIPA Academy негізін қалаушы, мамандарды басқаруға және жүйелі ойлауға үйрететін тәжірибелі сарапшы.

Бүгін Ануармен бірге мына тақырыптарды талқылаймыз:
  • Ілгері жетелейтін күш - мотивацияны жоғалған сәтте, оны қайта жандырудың жолы қандай?
  • Неге кей басшылар бәрін өздері істеп, тез шаршап, шегіне жетеді?
  • Шекара қоя білу мен “жұмсақ” болудың айырмашылығы неде?
  • Бүгінгі заман талабына сай қандай көшбасшының бейнесі идеал бола алады?

Бұл эпизод кімге арналады?
  • Команда басқарып жүрсеңіз немесе болашақта жетекші болуды мақсат етсеңіз;
  • «Бәрін өзім істеуім керек» деген оймен шаршап жүрген болсаңыз;
  • Ішкі мотивацияңыз әлсіреп, қай бағытқа барарыңызды білмей жүрсеңіз;
  • Күйзеліс пен тоқыраудың шегінде жүргеніңізді сезінсеңіз;
  • Басқару, талап қою және сенім орнату жолдарын жаңаша көзқараспен қарастырғыңыз келсе...

Әнуар Даировтың парақшалары: YouTube Instagram

Жүргізуші: Айна Задабек — Qazir Erteñ подкасының қоса жүргізушісі
@aina_zadabek

Жаңа ой мен тың бағыт іздесеңіз — дәл осы алаң сізге арналады.
Эпизодты тыңдаңыз, бөлісіңіз.
Көшбасшылық қабілетіңізді жүйелі түрде дамытуға кірісетін уақыт келді.


QAZir Erten. Ep 5
Бесінші шығарылым: Әнуар Даиров